Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда Өзбекстанмен жер алмасуға қарсы тұрғындар мезгілсіз акция жариялады


Ош облысының Үзген ауданы Қызыл-Октябрь ауылының тұрғындары 22 сәуірден бастап мезгілсіз акцияға шықты. Олар Кемпір-Абад су қоймасы (Өзбекстан оны Әндіжан су қоймасы деп атайды) жанындағы 50 гектар жерді Өзбекстанға беруге қарсы.

Ауыл тұрғындары акция өткізетін жерге киіз үй тікті. Олар жер алмастыру жөніндегі екі ел билігінің шешімі асығыс болғанын, жергілікті халықпен санаспағанын айтады.

24-25 наурызда Ташкентте Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметінің делегация мүшелері кездесіп, шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселесін талқылаған. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев келіссөз қорытындысы жайында айтқан.

Ол Кемпір-Абад су қоймасы толығымен Өзбекстанның бақылауына берілетінін жеткізген. Бірақ суды екі ел бірігіп пайдаланады деді. Атап айтқанда, қырғыз тарабы ол жерден еркін балық аулап, демала алады. Су қоймасының айналасына қоршау қойылмайды.

Ташиевтің түсіндіруінше, су қоймасы аумағындағы 5 мың 737 гектар жердің 1 мың 300 гектар жері Қырғызстанға өткен. Бірақ өзбек тарабы өтем ретінде Әндіжан облысының 1 мың гектар жерін Қырғызстанға береді.

«Қырғызстан 1300 гектар жер алады, тағы 4400 гектар жер қалды. Өзбекстан бұл аумақ үшін 1973 жылы бізге 4100 гектар жерін берген. Енді 300 гектар жер қалды. Бірақ Өзбекстан 300 гектар жердің орнына бізге Үзген және Созақ аудандарынан 1000 гектар жерін беріп отыр», — деген Камчыбек Ташиев.

Кемпір-Абад су қоймасы Қырғызстанның Ош және Жалал-Абад облысы мен Өзбекстанның Әндіжан облысының шекарасында орналасқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM