Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда дәрігерлердің көбі қытай вакцинасын салдырудан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бурул Асыкбекованың «Азаттыкқа» хабарлауынша, дәрігерлердің көбі Ресейдің вакцинасын таңдаған.

Оның айтуынша, қытай вакцинасынан қанша адам бас тартқанын егу науқаны басталған соң белгілі болады.

«Ұлттық жоспар бойынша, біз вакцинаны кімдер салдыратынын анықтауымыз керек. Коронавирустан ауырып шыққан дәрігерлердің көбі вакцинадан бас тартқан. Көбісі Ресей вакцинасын салдырғысы келетінін айтқан», — деді Асыкбекова.

Қырғызстанда 29 наурызда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқанының алғашқы кезеңі басталады. Жақында Қырғызстан Қытайдан Sinopharm вакцинасының 150 мың дозасын алдырды. Ол 75 мың адамға жетеді.

Вакцинаны әуелі медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салады. Елде вакцинаны тіркейтін құжат әлі қабылданған жоқ.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM