Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда мас күйінде көлік жүргізгендерді куәлігінен айыратын заң қабылданды

KAZAKBOL.COM

Қырғыз депутаттары 29 желтоқсанда мас күйінде көлік жүргізгендерді жүргізу куәлігінен айыратын заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады.

Елдің ішкі істер министрінің орынбасары Нурбек Абдиевтің сөзінше, мас күйінде көлік жүргізгендерге 200 доллар көлемінде айыппұл салынатынына қарамастан, жүргізушілердің көбі алкоголь ішіп көлік жүргізуді жалғастырып келеді.

ІІМ мәліметінше, 2021 жылы Қырғызстанда мас күйінде көлік айдаған 12 мың оқиға тіркелген, 2022 жылы бұл 13 мыңға көбейген.

Бірқатар депутаттар бұл заң жобасы елде коррупцияны одан сайын үдете түсуі мүмкін деген күдігін айтып жатты.

Қабылданған заңға сәйкес, мас күйінде көлік жүргізгендердің жүргізу куәлігі бір жылға алынады. Егер екінші рет қайталанса, үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM