Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда «Мегаком» компаниясын Ұлттық банк сатып алуы мүмкін


Қырғызстанның Ұлттық банкі «Альфа Телеком» компаниясын сатып алуы мүмкін. Бұл жөнінде Жогорку Кеңеш отырысында Мемлекеттік мүлікті басқару қорының басшысы Мирлан Бакиров айтты.

Депутаттар мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру бағдарламасына енгізілген өзгерістерді талқылады. Оған сәйкес, «Альфа телекомды» (мемлекет үлесі 100%), «Кепілдендіру қоры» (14,9%), «Керемет Банк» (0,74%) және «Еуразиялық жинақ банк» (76,56%) акцияларын сатуды көздеп отыр.

Мирлан Бакиров сатуға қойылатын нысандар тәуелсіз сарапшылар тарапынан бағаланады деді. Арнайы комиссия аукцион, байқау немесе тікелей сату әдісін таңдап алады екен.

5 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жаңадан қабылданған Конституцияға қол қойғаннан кейін, мемлекеттік мекемелердің бәрін қайта құрылымдап, оларды жекеменшікке беру жоспары бар екенін, осы жұмыстар атқарылғаннан кейін Мемлекеттік мүлікті басқару қоры жойылатынын мәлімдеген.

Қырғызстан үкіметі MegaCom компаниясын бірнеше мәрте сатуға әрекет жасады. 2010 жылы болған революциядан кейін Уақытша үкімет оның 49% мемлекетке өткізген. 2014 жылдан бастап толық мемлекет қарауына берілген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM