Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда жаңа оқу жылы 15 қыркүйекте басталады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда жаңа оқу маусымы 15 қыркүйекте басталады. Үкімет басшысы Ұлықбек Марипов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, мұндай шешім эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданған.

Елдегі білім мекемелеріндегі 152 мың 827 қызметкердің 56 мың 114-і коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Тағы 52 мың қызметкер вакцина салдыруы тиіс.

«Оқу жылының кеш басталуы туристік маусымды ұзартуға көмектеседі. Қабылданған шешім білім беру жүйесіндегілердің жалақысына әсер етпейді», — деп хабарлады үкімет.

Бұған дейін хабарланғандай, шамамен екі жыл жабық тұрған мектептер мен балабақшалар бұрынғы режимде жұмыс істей бастайды. Жаңа оқу жылында мектеп формасын кию міндетті болмайды.

Қырғызстанда коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы наурызда білім мекемелері қашықтан оқытуға көшті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM