Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда жемқорлықпен күрес қызметі жойылады

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, тиісті жарлық дайын болып қалды.

Жапаров 23 маусымда бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Ол құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерге көп кедергі жасайтынын сынап, кезінде қаржы полициясының шағымның көбеюіне байланысты жойылғанын еске салды. Оның айтуынша, мұндай шешім кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қабылданған. Сонымен бірге президент арнайы қызмет құрамындағы жемқорлықпен күрес қызметін таратқысы келетінін, оның орнына Жемқорлыққа қарсы іскерлік кеңес құрылатынын мәлімдеді.

2020 жылғы қазан оқиғасынан соң мемлекеттік «Эркин-Тоо» газетінде биліктен кетіп бара жатқан президент Сооронбай Жээнбековтің Жемқорлықпен күрес қызметін тарату туралы жарлығы жарияланған, бірақ бұл құжат президент сайтына шықпады.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Жемқорлықпен күрес қызметі 2011 жылы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билігі кезінде құрылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM