Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанның экс-премьері 50 млн сом төлеп үйқамаққа шықты


Коррупция арқылы заңсыз байыды деген айыппен қамауда отырған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Бішкектің Бірінші май аудандық сотының 20 тамыздағы шешімі бойынша шетелге кетпеу жөнінде қолхатпен үйқамаққа шығарылған. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Абылгазиевтің бөгет шарасын өзгерту бойынша бас прокуратура өтініш түсіріп, оның денсаулығы нашарлап бара жатқаны мен материалдық шығынын төлегенін айтып, есепке алуды сұраған.

Ол мемлекетке 50 миллион сом төлеген.

Абылгазиевті биыл 26 қаңтарда елдің арнайы қызметі қамауға алған. Оған үкімет басшысы болып тұрған кезде «Құмтөр Голд» компаниясына геологиялық зерттеу жүргізуге қосымша жер бөліп, нәтижесінде кенді игеру аймағы екі есеге көбейді деген айып тағылған. Ал бұл кезде кенді игеру аймағын кеңейтуге тыйым салу жөнінде заң болған.

Бұдан бөлек Абылгазиевке мемлекеттік қызметін асыра пайдаланып, заңсыз байыды, Бішкекте, Шуда, Ыстықкөлде қымбат зәулім үйлер сатып алды деген айыптар тағылған.

Ол 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың маусым айына дейін үкіметті басқарды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM