Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қытай басшысы Си Цзиньпин соғыс басталғалы алғаш рет Зеленскиймен сөйлесті

KAZAKBOL.COM

Қытай төрағасы Си Цзиньпин соғыс басталғалы бірінші рет Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Зелескний твиттерде хабарлады. Ал Қытайдың Синьхуа агенттігі «Пекин Киевке соғысып жатқан тараптармен келіссөз жүргізу үшін арнайы өкіл жіберетінін» жазады.

Зеленский Қытай басшысымен әңгіме «ұзақ әрі мәнді болғанын» айтады. Украина президентінің баспасөз қызметі екі президент бір сағаттай сөйлескенін хабарлады.

«Бұл әңгіме және Украинаның Қытайдағы елшісінің тағайындалуы екі елдің қарым-қатынасына күшті серпіліс береді деп сенемін» деп жазды Зеленский твиттерде.

Ақпанда Қытай Украинадағы соғысты аяқтау үшін арнайы жоспарын ұсынған. Сарапшылар Пекин ұсынған құжат жалпылама сөздерден тұрады деп сынаған еді.

Си Цзиньпин наурызда Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM