Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҮЙІМІЗДЕ ТАРАҚАН, ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ҚАПТАДЫ!

KAZAKBOL.COM

Тұрғындар шағымына ешкім құлақ асар емес! Елорданың «Жағалау» ауданындағы көпқабатты үйде түрлі зиянкестер қаптап барады. Біз бұл түйткілді осыдан екі ай бұрын эфирден көрсеткен болатынбыз. Содан бері, егеуқұйрықтар саны бірнеше есе артпаса, азаймапты. Бұқараның сөзінше, эпидимиолог мамандар дезинфекция жұмыстарын жүргізгенімен, одан еш қайран жоқ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ТИМУР ЖҰБАҚОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Біздің үйлерімізде әрине кішкентай балаларымыз бар. Өкінішке орай, қазір таракан да пайда болды. Крыса егеуқұйрық та пайда болып жатыр. Тіпті, Астана қаласының әкімінің орынбасары Нұркеновке де кіріп шықтық біз. Ол кісі жүйелі түрде тексеріс өткіземіз деген. Өкінішке орай, ешқандай тексеріс те болып жатқан жоқ».

Бұл 2 ай бұрын таспаға жазылған халықтың жанайқайы. Сол кезде әкімнің орынбасарына мәселемізді жеткіздік деген әлеумет, одан бері ештеңе өзгермеді, — деп ашынады.

ЮРИЙ САМАРИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Біздің үйді эпидимиолог мамандар айына бір-екі рет келіп дезинфекциялық жұмыстарды жүргізіп кетеді. Бірақ, ол мүлде көмектеспейді. Зиянкестер әбден үйдің маңын жайлап алған. Қанша уласа да таусылмайды. Одан да, егеуқұйрықтарды тұрғын үйлерге әуес қылатын осындай ет сататын дүкендерді жабу қажет. Осыны талап етеміз».

Тіпті, баланы қойып, ересек адамға айбат шегетін егеуқұйрықтар пәтерге дейін кіріп алған. Дәл осындай зиянкесті тұрғынның бірі өз күшімен ұстапты. Ал, денсаулығына алаңдаған әлеумет бұдан бөлек подъездерде арлы-берлі жүгіріп жүретін кеміргіштер көп, — дейді.

«Вот соседи на нашем этаже улица Е-10, дом 1 вот она огромная. Ой, я боюсь. + 00:20 Вот дожились, крыса в доме. 15 этаж».

Бір байқағанымыз, кеміргіштердің айналаға үйренісіп алғаны сонша, тұрғын үйдің маңында індері қаптап кеткен. Бұл жерді мамандар бірнеше рет дезинцфекция да жасаған екен. Бірақ, егеуқұйрықтар онымен азаймай тұрған секілді.

Тұрғындардың сөзінше, мұндағы ет сататын дүкен тек құжат бойынша ашылған. Ал, шын мәнінде бұл жерде жаңадан сойылған мал етін әкеліп, бөлшектеп жан-жаққа тарататын цех орналасқан деседі. Әккі айлакерлер тұрғындардан бұл әрекетін жасыру мақсатында түн ортасында жұмыс істейді екен. Ал, күндіз көпшіліктің бас ауруына айналған нысаннан ешкімді таппайсың».

«Вон еще полная газеля туш. Вот это все будет разгружаться».
Әлеуметтің ескертпесіне пысқырып та қарамайтын кәсіпкерлер бұл әрекетінен қымсынбайды. Тапсырыс көп болған күні, жүк көліктермен ет тасып әлекке түседі екен. Ал, маңдайшасына дүкен деген атауы болғанымен, халық бұл жерден бір грамм да ет алып көрмепті. Ал, тұрғындар талай рет есігін қаққан эпидимиолог мамандардың бұл жөнінде өз уәжі бар.

АРМАН ҚҰРБАНОВ, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІЛ АУДАНЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Бұл мәселемен жақсы таныспыз. Аталған тұрғын үйге жауапты құрылыс компаниясына дезинфекция жасау қажеттігі жөнінде айттық. Олар бірнеше рет зиянкестерді улау бойынша жұмыстар жүргізді. Басқа шара қолдана алмаймыз. Себебі, аталған нысан құжатта дүкен ретінде көрсетілген. Кәсіпкерді тексеруге құқымыз жоқ. Тұрғындар бірлесіп шағым түсіре алады».

Бұл жайтты жақсы білетін мамандар алдағы уақытта зиянкестерді улау жұмыстарын қайта жүргізбек. Оған дейін кеміргіштерден әбден мезі болған тұрғындарға олармен иық тірестіріп өмір сүруден басқа амал жоқ секілді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM