Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ұйғырлар тобы Тәжікстанға қарсы Гаага сотына шағымданды


Ұйғырлар тобы Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Бейжіңнің ұйғырларға және өзге де мұсылмандарға жасаған қастандық әрекетін зерттегенін қалайды.

Бірақ Қытай ХҚС мүшесі болмағандықтан, Гаага соты Бейжіңге қарсы тергеу жүргізе алмайды. Есесіне, Қытайға көмектесіп келген елдерге, атап айтқанда Тәжікстанға қарсы тергеу жүргізе алады.

Сол себептен ұйғырлар тобының адвокаттары халықаралық сотқа тәжік үкіметінің ұйғырларды Қытайға жіберуге көмектескен іс-әрекетін дәлелдейтін құжаттар берді.

Бұл құжатта тек ғана Тәжікстан емес, Камбоджаның да ұйғырларды Қытайға экстрадицияланғаны айтылған. Онда соңғы 10–15 жылда Тәжікстанда тұратын ұйғырлар саны үш мыңнан жүзе дейін қысқарғаны көрсетілген. Олардың көбі 2016-2018 жылдар аралығында Қытайға экстрадицияланған делінген.

Құжатта сонымен бірге Тәжікстанның Түркиядағы ұйғырларды Қытайға ұстап беруге көмектескені жөнінде деректер бар. Азат Азия радиосының хабарлауынша, 2019 жылдың тамыз айында Түркиядан Қытайға үш адам Тәжікстан арқылы депортацияланған.

Зиннетгүл Тұрсын екі кішкентай қызымен түріктің Измир қаласында ұсталған. Оны 2019 жылдың шілде айында Стамбұл — Душанбе рейсіне отырғызып жіберген. Осы рейспен ұшқан екі тәжік азаматы бұл оқиғаның куәсі болған. Олардың сөзінше, бұл рейспен тағы да бес ұйғыр — төрт әйел мен бір ер азамат ұшқан. Кейін Тұрсынның отбасы Зиннетгүл мен қыздары Қытайға жеткізілгенін мәлімдеген.

Қазір олардың тағдыры белгісіз.

Азаттықтың тәжік қызметі Тәжікстаның тиісті органдарына ұйғыр мәселесіне қатысты арнайы сауал жолдады. Әзірге жауап жоқ.

Батыс елдері мен халықаралық ұйымдар Қытай 2016 жылдан бері Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарға қысым жасап жатыр деп, бұл әрекетті геноцидке теңеген. БҰҰ геноцидті «қасақана бір ұлтты, ұлысты я діни топтарды толық я жартылай жою әрекеті» деп сипаттайды. Геноцид әрекеттерінің қатарында «бала тууды әдейі шектеу, адамдарды қинау» бар.

Адам құқығын қорғау ұйымдары мен сыншылар Пекин Шыңжаңда лагерьлер ашып, мұсылмандарды еркінен тыс қамап, бала тууды шектеп жатыр деп санайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM