Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне қарасты бөлімнің лауазымды тұлғасы Қ.Гафаровқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралып, Кеңес мүшелері Әдеп кодексінің талаптары бұзылған деп тауып, оған «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.
Тәртіптік шара қолдануға мемлекеттік қызметші Қ. Гафаровтың өзінің басқаруында жеке автокөлігімен ағымдағы жылы сәуір айында түнгі сағат 22:00-де Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің белгіленген тәртіпке сәйкес, алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны белгілі болды. Бұл дерек қызметші тарапынан жоққа шығарылмады.
Бұдан басқа, облыстық мемлекеттік ішкі аудит департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс түскен болатын.
Тәртіптік істерді қарау барысында белгілі болғандай, 2017 жылы аталған департаментпен облыстық құрылыс басқармасында аудиторлық іс шаралар жүргізіп, нәтижесінде мердігер серіктестікке қатысты сот шешімі арқылы қомақты қаржы бюджетке кері қайтарылған.
Алайда, департаменттің аудиторлық қорытындысымен келіспеген мердігер құзырлы органдарға шағым түсіріп, қарау нәтижесінде ішкі аудит департаментінің қабылдаған шешімдері стандартқа сәйкес келмейтіндігін анықтаған.
Кеңес мүшелері тәртіптік істің құжаттарын зерделей келе, аудиторлық іс-шара жүргізген маманның қызметтен өз еркімен босатылуына байланысты, ал мекеменің лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп кетуіне байланысты тәртіптік істі қысқартуға ұсыным етті.
Кеңесте қаралған келесі мәселе мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет заңнамасының бұзылуы, соның ішінде мемлекеттік органға келтірілген шығын бойынша материалдық жауаптылықты анықтау мақсатында және мүдделер қақтығысын алдын алу бағытында жүргізілген талдау қорытындысы.
Бұл орайда, Форт-Шевченко қаласы әкімі аппаратының бас маман-есепшісі А.Отарбаеваның аталған мемлекеттік органға 112 770,33 теңге көлемінде нұқсан келтіргені, азамат Б.Төрекеновтың өтініші негізінде Сай-Өтес ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің 697 800 теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғандығы, азамат К.Мағзымовтың шағымы бойынша қызметші А.Шопановтың «Жаңа серпін» КММ-де бір мезгілде екі мекемеден 23 273,52 теңге жалақы алынғаны, азаматша Б.Төлегенованың өтініші негізінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Саттыбаевтың 216 мың теңге көлемінде заңсыз іссапар шығындарын алғаны анықталып мемлекетке материалдық шығын келтірілгені белгілі болды. Келтірілген материалдық шығындар толық көлемде бюджетке қайтарылған.
Бұдан басқа, жақын туыстары мен жекжаттардың мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда бірлесіп қызмет атқару деректері бойынша мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттары алынып, зерделенді.
Осы орайда, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Қарақия ауданы, Сенек ауылының әкімі Б.Еркегуловтың өзінің туған баласын көлік жүргізушісі қызметіне қабылдағаны туралы жағымсыз пікір жазғаны көрініс тапты. Бұдан басқа, қызметтік автокөлікті өзінің жеке мақсатына пайдаланатындығы анықталған.
Қарау нәтижесінде, орын алған кемшіліктерді болдырмау мақсатында қаралуға жататын тиісті ұсынымдар қабылданды.
KAZAKBOL.COM