Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ӘКЕ: ҰЛЫМДЫ ӨЛТІРГЕНДЕР БОСТАНДЫҚТА ЖҮР!

KAZAKBOL.COM

Ұлдарынан айырылған отбасы әділдік іздеп шырылдап жүр. Он ай бұрын жаппай төбелесте көз жұмған Данияр Асқарбекұлының соты мамыр айынан бері сағызша созылып, жазалылар бостандықта тайраңдап жүр дейді. Әйтпесе, куәгерлер сөйлеп, судья алдына бүкіл дәлелдер жеткізіліпті. Бірақ, кінәсіздер күштеп жазаға тартылуда деп ашынғандар біздің арнадан көмек сұрайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Адам қолынан қаза тапқан баласын қайғырған отбасы шындық іздеп шырылдап жүргеніне тура он ай болған. Ұлдарын көкала қойдай сабап, пышақтап, азаптап өлтірген нағыз қылмыскерлер әлі бостандықта жүр дейді. Осыған дейін Алатау аудандық сот залында 9 рет отырыс өтсе де, іс бұрмаланып, кінәсіздер жазаға тартылуда деп күйінеді. АСҚАРБЕК ДҮЙСЕНБЕК, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ: «Менің ұлымды өлтірген топтың бас атаманы ағайынды тумалас бес ағайынды. Нұрғали Сағымбек, Қайнар Тоққожа, Берікбол, Дидар, Алинұр бірігіп, сот алдында жауап беріп жатқандар бөтен адамдар. Әке-шешесі жоқ жетім баланы отырғызыпты. Ринат Мәнсүров екеуі отыр. Аян Асқарбайдың сотталуымен келіспеймін. Ол бұрынғы жауаптарынан бас тартты. Өлтірушілер басқа адамдар деді». Жаппай төбелес осы жылдың қаңтар айында болған. Кафеде бір-бірімен тіресіп қалған жігіттер ертеңіне текетірес ұйымдастырып, отыз жігіт алты адамға жабылады. Сонда қаскөйлер Данияр Асқарбекұлына екі рет пышақ сұғылып, күре тамырын кесіп жібереді. Алайда, сол ұрысты бастағандар мүлдем сотқа қатыспай, сыбайластары заң алдында жауап беруде екен. Куәгерлер қанша атын атап, түсін түстегенімен, судья сөздерін тыңдамайды деп ашынады. Оның үстіне, қылмыстық іс қозғалған баптардың өзі дұрыс емес дейді адвокаты. ШЫНҚУАТ БАЙЖАНОВ АДВОКАТ

«Мынаның баласын өлтіргендерге 106-бапты таққан дұрыс емес, 99-баппен тағу керек еді. Үшіншіден өлтірген адамды бостандыққа жіберіп, өлтірмеген адамды түрмеге тағады. Бірақ, сот өкінішке орай бұл ұсынысымды қабылдамады». Бір жылға жуықтаған сотқа бүкіл сараптамалық құжаттар мен дәлелдер жеткізіліпті. Тіпті, мойнына кінәні алған жігіт те ағайындылардың қорқытқанын айтқан. Бірақ, сол ағайынды топтың біреуі де сот залына келмей бостандықта жүр дейді. Енді қайғыдан қан жұтып, ұлының өлімі жауапсыз қалудан қорыққан әулет жоғары соттан көмек сұрайды.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM