Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әскердегі арулар мектеп оқушыларымен кездесті


Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысы қызметінің ұйымдастыруымен нәзік жанды әскери қызметшілер Наурыз айының «Көрісу күні» мерекесіне арналған «Мен өз елімнің – Патриотымын!» тақырыбында №129 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жас Сарбаз» сыныбының тәрбиленушілерімен кездесті.

Қазіргі таңда нәзік жанды арулар, ерлермен қатар қызмет атқарып, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың ізімен жүрген нәзік жандылар аз емес. Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер әскердің қатаң тәртібіне төзіп, қызметте жауынгерлік міндетін абыроймен орындау арқылы көпшілікке үлгі болып келеді.

Отан сүйгіш жастарды тәрбиелеудің негізі білім ордасы мектептен басталады. Осы орайда әскер қатарында жүрген арулардың жас ұрпақты Отан сүйгіштік қабілетін ояту, елімізді қорғауға қызығушылығын арттыру, Қазақстанның нағыз патриоты болып тәрбиелену мақсатындағы ұйымдастырылған бұл кездесу оқушыларға өте қызықты болды. Әскери қызметтегі аруларды өз көздерімен көріп, сұхпаттасу кеші оқушыларға ерекше әсер берді. Кездесу барысында оқушылар көкейдегі қызықты сұрақтарын қойып, тиісінше өздеріне керекті тұжырымды жауаптарын алды.

«Бауыржан атамыздың «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген ұлағатты сөзіне сүйене отырып, жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, патриоттық тәрбиеге баулу бүгінгі шараның басты міндеттерінің бірі. Біздер жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға үлгі бола алсақ ертеңгі күні еліне қорған болатын, жаһандану заманында ұлтының шырағын сөндірмейтін ұлт көшбасшыларының шығары сөзсіз»,- деді қатардағы жауынгер Айдана Кенжебекова.

Шара соңында оқу орынның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі запастағы аға лейтенант Мырзахан Сариев әскери бөлім ұжымына алғысын білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
байланыс телефондары: 87781475425
87472093922 (what’s app)
shymkent_press@mail.ru

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM