Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әскерге шақырылушылар Отанға ант берді (фото)


Осы көктемде Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан Қарулы Күштер қатарына шақырылған 120-дан астам жас сарбаздар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында әскери ант қабылдады.

 

Салтанатты рәсімге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Владимир Сафонов және Шымкент қаласы Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаев қатысты.

Ант беріп, салтанатты шерумен өткен жас сарбаздар қару-жарақпен саптық, армиялық қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін орындады, көрсетілім дефилесін жасады. Осының бәрін олар өткен бір айлық алғашқы әскери дайындық курсында үйренді.

— Отанға адал болуға ант берген күн өмірде жалғыз болады. Біз өзіміздің барлық іс-әрекеттерімізді және командирлеріміздің бұйрықтарын анық және сенімді орындауға тырыстық. Әскери анттың мәтінінде аз ғана сөз бар, бірақ оның терең мағынасы бар, – деп бөлісті Алматы облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Аңсар Берікбол.

Ант қабылдаған жас сарбаздар алдағы уақытта мамандық бойынша дайындық курсынан, штаттық қаруды, әскери және арнайы техниканы теориялық және практикалық зерделеуден өтеді.

Новобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность РодинеНовобранцы присягнули на верность Родине

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM