Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ӘСКЕРИ БИЛЕТ 150 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН САТЫЛУДА


Әскери билет сатылады! Ақ билет, яғни жарамсыздықты айқындайтын құжат — 100 мың теңге. Көк, борышын өтеді деген билет — 150 мың теңге. Қазір әлеуметтік желіде осы тектес хабарландырудан көз сүрінеді. Ақшасын төлесең болды, мекен-жайыңа дейін жеткізіп береді-мыс. Бірақ, өтінішіңді орындаушылар клиентпен бетпе-бет кездеспейді. Тек мессенджерлер арқылы тілдесіп, тауарды 3-4 күнде жасап береміз деп уәде береді. Қолдарынан келмейтіні жоқ, әскери билеттен бөлек, көлік жүргізу куәлігін де оп-оңай жасап береміз, — дейді. Бұл қаншалықты заңды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Казармада 1 жыл жатып, азаматтық борышын өтегісі келмейтіндер үшін тағы да бір тамаша әдіс пайда болды. Әлеуметтік желіде: «Әскери міндеттен қашқың келсе, бізге хабарлас!» деген мынадай хабарландырулар өріп жүр. 150 мың теңге төлесең болды, ер азаматтар бір жыл жүріп еңбегін сіңіріп алатын құжатты 3-4 ақ күнде дайындап береді екен. Ал, жігіттерді іріктеп әскер қатарына жіберетіндер, бұл ақпарға сенбеуге шақырады.

ҒАНИ АРТЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
«Әлеуметтік желілерде түрлі осындай жалған ақпараттарды қойып, жарнама жасап жүрген азаматтар өздеріне жазылымға жиналатын азаматтардың санын көбейтіп, өздерінің жарнамасын көбейту үшін жасап жүрген азаматтар болуы мүмкін».

Ия, қазір ғаламтордың дамыған заманында кім-кім болсын өзіне оқырман тарту үшін не бір әдіске баруы мүмкін. Бірақ, бізді бұл пысықайға жүгініп, не бір жігіт әскери міндеттен босап жатыр ма деген күдік ұялағаны жасырын емес. Себебі, Әскери билетін қолына алып, дән риза болған тапсырыс берушілердің хаттарынан кейін сондай ойға еріксіз келесің.

«Интернеттен ол менің ойымша заңға қарама-қайшы келетін іс. Сондықтан, оны сатып алғаннан ертең пайдасы тимейді деп ойлаймын. Өзімнің ойым дұрыс емес деп ойлайм».
«Қарсымын. Ертең елімізді, жерімізді кім қорғайды? Оны сатып алғаннан не пайда? Егер білмесе ертең соғыс болған жағдайда. Беті аулақ».
«Өте жаман. Әрбір ер адам әскери борышын нету керек, әскерге бару керек. Өту керек».
«Мен бейтарап былайша, сатып алса сатып алсын. Негізі, заңға қайшы нәрсеғо былайша. Барған дұрысқо. Мен егер без выходный жағдай болса өзім сатып алар едім».

Бір байқағанымыз, заңсыз әрекетке барып, жұрттың ақшасына шалқып жүрген пысықай телефон арқылы тілдеспейді. Тек, мессенджер арқылы сөйлеседі. Тапсырыс беру үшін, жарты ақысын аударасыз, ал қалған бөлігін тауарды алған кезде төлейді екенсіз. Бірақ, ешқандай кепілдік жоқ. Ал, Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері болса, мұндай сатып алынған әскери билеттердің ешқандай заңды күші жоқ дейді.

ҒАНИ АРТЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
«Әскери билеттерге келетін болсақ, ҚР-да Әскери билеттерді толтыру жазу және азаматтарға дайындау бұл өкілетті орган республикамыздағы жергілікті басқару органдарының міндеті. Ал, енді бұл Әскери билет секілді құжаттардың барлығын мемлекеттік азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы арқылы қайтадан беріп отырамыз».

150 мың теңгеге Әскери билет сатылып жатқанын естіген халық қалаулылары да бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Делдалдың әрекетін үлкен қылмысқа теңеген сенаторлар, заңды белшесінен басқандар жауапкершілікке тартылу керек деп есептейді.

БЕКТАС БЕКНАЗАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Оны тексеру керек. Тиісті органдар оның бағасын беру керек. Әскери билетті тек қана әскерге барған адамдар ғана алу керек деп есептеймін. Бұл қылмыс па? Егер сатып алған болса, ол қылмыс. Ауыр қылмыс па жоқ па оны қылмыстық кодексті ақтарып қарау керек».

Қазір, елімізде Әскери билетті заңды түрде алудың бірнеше жолы бар. Одан бөлек, Қарулы күштер қатарына шақыру науқаны да екі мезгіл жүріп жатады. Ресми дерекке сүйенсек, әрбір 4 азамат әскер қатарына баруға құлықсыз. Ал, мамандар сұраныс болған соң, ұсыныстың да болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан, алдағы уақытта әскерге баратын жастар мүлде табылмай жатса, оған да таң қалудың қажеті жоқ секілді.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM