Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ӨГЕЙ БАЛАСЫН ӨЛТІРГЕН АДАМ: ЖЫЛАҒАНЫНА ШЫДАЙ АЛМАЙ ЖҰДЫРЫҚТАП ҰРДЫМ


Жылағанына шыдай алмадым! Өгей баласын сабап өлтірген өгей әке сот отырысында осындай адам шошырлық мәлімдеме жасады. Екі жасар баланың еркелігін көтере алмаған ер адам оған бірнеше соққы жасап, көшенің қақ ортасында тепкілеп тастаған. Бүлдіршін есінен танып құлап, тілге келместен қаза тауыпты. Күдікті Жеңіс Құрманғазин бүгін өз қылмысының жай-жапсарын түсіндіріп берді. Ал жәбірленуші тарап не дейді? Жауыз әке қандай жазаға лайық? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кісі қанын мойнына жүктеді деп айып тағылған Жеңіс Құрманғазиннің жасы 34-те екен. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін екі мәрте сотталыпты. Енді, 2 жасар өгей баласын өлтіргені үшін сот алдында жауап беруде. Сұмдық оқиға болған 23 қыркүйекте келіншегі жұмысқа оның орныны шығып, балаларын оған имандай сеніп алаңсыз қалдырып кетіпті.

БАУЫРЖАН ЕРТАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
«Теңізбаев жылап, Құрманғазинге көтер деп қолына алуды сұрап, жылай бастаған. Содан Құрманғазин жәбірленуші Теңізбаетың жылағанына шыдай алмай Теңізбаевтың бас тұсынан оң қолының шапалағымен 3-4 рет ұрады. Теңізбаев жерге құлап басын тасқа ұрып. Басы жарылып, есін жоғалтады».

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Марқұм бүлдіршіннің анасымен наурыз айынан бері азаматтық некеде тұрады екен. Екеуі де көлік жуу орталығында жұмыс істеген. Тергеу мәліметінше, сол күні Құрманғазин 6-7 литр сыра ішкен екен. Үлкен ұлын үйіне қамап, кенжесін ертіп шаштаразға барыпты.

ЖЕҢІС ҚҰРМАНҒАЗИН, СОТТАЛУШЫ:
«Біз одан кейін ары қарай кетіп бара жатқанда тағы жылайды. Сол кезде тіземе отырғызып алып ұрғанда, есін жоғалтып алды. -Тізеңізге отырғызып қалай ұрдыңыз?- Жұдырықпен — Қай жерінен ұрдыңыз? — Іш құрылысынан. Сөйтіп, сол кезде талып қалды. 05.56))

Ал баланың анасын біреулермен төбелес кезінде бала құлап қалды деп алдаған. Ал, ұлынан айырылған Әсел өз өмірін осы еркекпен байланыстырғанын қатты өкінетінін айтты.

ӘСЕЛ ТЕҢІЗБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«Қалай больницаға бардым, ұлымды көрдім, екі қолына засос салып тастаған. Үсті-басы тілім-тілім, басы деген көкпеңбек жарылып жатыр. Қазір өкінем, бұған сеніп… Өмірімді талқан-талқан қылды».

Сотталушы өзі үйленбек болған келіншектің жанына қандай жара салғанын енді ғана сезінсе керек кешірім сұраумен болды.

ЖЕҢІС ҚҰРМАНҒАЗИН, СОТТАЛУШЫ:
«Әселден кешірім сұраймын!. Кешіре алатын болсаң, кешір!. Шын жүректен кешіріре қойшы!»

ӘСЕЛ ТЕҢІЗБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«Мен жұбай ретінде ғана өзіме жар етіп таңдағаннан кейін аз да болса бірге тұрғанымызды… Мен оны кешірем. Ана ретінде бұл жерде менің балам кетіп отыр ғой, ана ретінде мен кешірмеймін оны. Сот мына мәртебесінен сұрайтыным қандай жаза болса да мен қолдаймын». 00.25))

Оқиға 23 қыркүйекте Алматы ірегісіндегі «Көкқайнар» ықшам ауданында болған еді. Азаматтық некедегі күйеуіне екі баласын қалдырып келіншек өзі жұмысқа кеткен. Ал ішімдікке сылқия тойып алған ер адам кешкі бестер шамасында екі жасар баланы өлімші етіп сабап тастаған. Бас сүйегі сынып, миына зақым келіп, ішкі құрылысы түгел ісініп, денесінің сау тамтығы қалмаған бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шыққан. Балақай сол күйі есін жимастан 3 қазанда көз жұмды. Егер кінәсі дәлелденетін болса, сотталушы өмірбақи түрмеге қамалуы мүмкін.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM