Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек билігі үйсіз әйелдерге «барақ» алу куәлігін тапсырды

KAZAKBOL.COM

Наманган облысының басшысы Шавкат Әбдіразақов наурызда 110 әйелге «президент сыйлығы» ретінде тұрғын үй куәліктерін тапсырған. Алайда ондаған әйелдің екеуі ғана жаңа үй алған, қалғандарына тұруға жарамсыз барақтар тиген.

Наманган облысының басшысы Шавкат Әбдіразақов салтанатты кеште жағдайы нашар әйелдерге материалдық көмек беру үшін мемлекет миллиардтаған сум бөлгенін, бірақ соның көп бөлігі бір реттік материалдық көмек ретінде берілетінін айтты.

Содан кейін Әбдіразақов жағдайы нашар әйелдерге тұрғын үй куәліктерін тапсырды.

Содан бері бір жарым ай өтті. Әкім қолынан «куәлік» алғанын әйелдердің қуанышы су сепкендей басылды.

Гүлчехра Омонованың айтуынша, оған құлағалы тұрғын үйді ұсынған. Қазір ол ескі үйге де келісуге мәжбүр, өйткені баратын жері жоқ. «Бірақ ескі үйді де бермй отыр. Апта сайын барамын, ана құжат жоқ, мына құжат жоқ деп жолатпайды. Уақыт өте келе мені де ұмытып кете ма деп қорқам. Өйткені алдап жүргеніне үш жыл болды», — дейді ол.

Шахноза Давидованың айтуынша, жағдайы нашар әйелдерді баспанамен қамтамасыз етуге «республикадан 100 миллион сум» (шамамен $9 мың) бөлінген. «Соның біздің атымызға 96 миллион сумы ($8400) түскен. Енді олар бізге 50-60 миллион сум ($4,5 мың-$5 мың) тұратын барақ алыңдар деп, суреттерін Telegram арқылы жолдап отыр. Бұл үйлерде тұру мүмкін емес. Таныс екі әйелге жаңа үй берді, ал бізді бараққа кіргізбек», – дейді Шахноза Давидова.

2021 жылғы желтоқсанда Өзбекстан үкіметі «Жағдайы нашар әйелдерді баспанамен қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдаған. Құжатқа сәйкес бүкіл республика бойынша 1000 пәтер алу қарастырылған. Алайда, тұрғындардың айтуынша, жағдайы нашарлар тұрады деп салынған үйлерге жергілікті басшылардың туыстары мен жақындары кіріп алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM