Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жауып жатыр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан «коронавирустың омикрон штамы жылдам тарап жатқанына байланысты» 15 қаңтардан бастап Қазақстанмен шекарасын уақытша жабады. Бұл туралы өлкенің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, бұл шектеулер елге ұшақпен келген шетел азаматтары мен отанына қайтқан өзбекстандықтарға қатысы жоқ. Бұдан бөлек шекарадан дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, қатты ауырып жатқан немесе қаза болған туыстарына көңіл айтуға бармақ болған азаматтар өте алады.

Сонымен бірге Өзбекстанда тұрақты тұратын қазақстандықтарға да шекара ашық.

Ал қырғыз-өзбек шекарасына шектеулер енгізілмейді. Тек шекарадан өтетін азаматтар 48 сағаттың ішінде тапсырылған ПТР тестінің нәтижесін көрсетуі тиіс.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM