Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан өңірлерінде балабақша-автобустар пайда болады


Өзбекстанның барлық өңірінде 2021-2022 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ісіне мобильді топ базасы қосылады.

3 тамызда үкімет осындай жарлық қабылдады. Құжатта мектепке дейінгі білім беру ісімен айналысатын шұғыл топ ұйымдастыру туралы айтылған.

Мұндай топтар арнайы техника — барлық талапқа сай заманауи автобус базасында ұйымдастырылады.

Мектепке дейінгі білім министрлігінің хабарлауынша, балабақшаға айналатын ISUZU HC 40 автобустарында күннен қуат алатын батарея, желдеткіш, әжетхана, ыстық және суық су жүйесі, тамақ жылытуға арналған асхана болады.

Бір топта 30-ға жуық бала оқиды. Сабақ үш сағатқа созылады.

Шұғыл топ күніне үш ауысымда, аптасына алты күн жұмыс істеуі мүмкін.

Олар оқу жылын 2 қыркүйекте бастап, келесі жылы 31 мамырда аяқтайды.

Мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру қызметі халыққа тегін ұсынылады.

Министрлік мәліметінше, былтыр өңірлерде 49 балабақша-автобус жұмыс істеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM