Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан 30 сәуірде жаңа Конституция бойынша референдум өткізеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасы 10 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өткізу туралы қаулы қабылдады.

Парламент отырысы тікелей эфирде көрсетілді. Депутаттар «Өзбекстан Республикасы Конституциясы туралы» заң қабылдады. Құжатты 132 депутат қолдады, екі депутат қалыс қалды, үш депутат қарсы шықты.

Парламент отырысында жалпыұлттық референдум өтетін күн белгіленді. Жаңа Конституция бойынша референдум 30 сәуірде өтетін болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, парламент Конституцияға өзгеріс енгізу құқығына ие. Былтыр 20 маусымда президент конституциялық комиссия мүшелерімен кездесіп, Конституция өзгеріс енгізу туралы ұсыныс айтқан. Мемлекет басшысы конституциялық реформаны референдум арқылы жүзеге асырғысы келген.

Конституция мәтіні 65 пайызға өзгереді. Жаңа Конституция қабылданған жағдайда қазіргі президенттің екі мерзімі өшіріліп, Шавкат Мирзияев үшінші мерзімге сайлануға мүмкіндік алады.

Заң жобасы алғаш рет 2022 жылғы маусымда талқылауға шығарылған. Сол кезде Конституциядан Қарақалпақстанның егемен мәртебесі мен оның республика құрамынан шығу құқығын алып тастау ұсынылған. Мұндай ұсыныс Қарақалпақстанда наразылық туғызды. Былтыр 1 шілдеде мыңдаған азамат Нөкіс көшелеріне жиналды, ал 2 шілдеде наразылық күшпен басылды.

2 шілдеде Нөкіске келген президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан Конституциясында Қарақалпақстан туралы баптар өзгермейтінін мәлімдеді.

Нөкістегі қанды оқиғадан соң конституциялық реформалар жөніндегі референдум белгісіз уақытқа кейінге шегеріле берді.

Сарапшылардың дені Өзбекстан Конституциясына өзгертулер қабылданған соң Мирзияев президент қызметінде үшінші мерзімге қалады деп есептейді.

Өзбекстан сенатының вице-спикері Садық Сафоев Конституция өзгерген жағдайда президенттің бұған дейінгі мерзімдері өшірілетінін мәлімдеген.

Өзбекстанның жаңа тарихында жалпыхалықтық референдум осымен үшінші мәрте өткелі отыр.

1995 жылғы референдум нәтижесінде сол кездегі Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов билік басында тағы бір мерзімге қалған, ал 2002 жылы Конституцияға қазіргідей өзгертулер енгізіліп, президент құзыреті 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM