Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан Ауғанстанға экспорттайтын электр қуатын 60 пайызға қысқартты

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан Ауғанстанға экспорттайтын электр қуатын 60 пайызға қысқартты, тараптар ортақ келісімге келе алмады. Бұл туралы Ауғанстан электр энергетикасы компаниясы (DABS) хабарлады.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, өзбек жағы бұны Талимаржан электр станциясындағы техникалық қиындықтармен түсіндірген. Осылайша, екі-үш күннен соң Ауғанстанға экспортталатын электр қуаты азаяды.

DABS мәліметінше, электр қуаты импортының азаюы салдарынан елдің 16 провинциясы жарықсыз отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан мен Ауғанстан 2022 жылы 100 млн долларға электр қуатын жеткізу жөнінде келісім-шартқа отырған.

Былтыр қазан айында хабарланғандай, ауған энергетика компаниясы Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстан мен Иранға электр қуаты үшін 51 миллион доллар қарыз болып қалған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM