Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан білікті маман дайындауға 1 млрд доллар бөледі

KAZAKBOL.COM

Президент Шавкат Мирзияевтің 15 мамырда хабарлауынша, 1 маусымнан бастап Өзбекстанда «20 мың кәсіпкер — 500 мың білікті маман» бағдарламасы іске қосылады.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 2023-2024 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 1 млрд доллар бөлінеді.

Бұл қаражат пайыздық үстемесі төмен несиені кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жұмсауға аударылады, бірақ кәсіпкерлер жағдайы нашар отбасылардың мүшелеріне кәсіп үйретуі тиіс. Кәсіпкерлердің оқыту ақысы толық өтеледі.

Осы бағдарламаға қатысатын кәсіпкерлер мүлік пен жер салығынан босатылады. Осындай жеңілдік алу үшін кәсіпкер жұмысшыларының кем дегенде 20 пайызын кедей отбасылардың шыққан адамдармен толтыруы керек. Ал осындай кәсіпорынға жұмысқа тұрған адам табыс салығынан босатылады.

Әлеуметтік салық мөлшері 5 млн сумға (450 доллар) дейін айлық төлейтін кәсіпкерлер үшін екі есе төмендейді. Мұндай кәсіпорындардың қызметін салық органдары тексермейді.

Президенттің айтуынша, жыл сайын Өзбекстанда білікті маман дайындау ісіне 200 миллиард сум ($17,5 млн) бөлініп отыр. Алайда қаражат маман тапшылығын толық өтемей отыр. Кәсіпкерлер де жылда мыңдаған маман оқытуға көп қаражат бөлуге мәжбүр. Сол себепті өзбек үкіметі «20 мың кәсіпкер — 500 мың білікті маман» бағдарламасын жүзеге асыруға шешім қабылдаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM