Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан мұнайшылары айлығының қысқаруына қарсы наразылыққа шықты (видео)


Өзбекстанның ең ірі мұнайгаз компанияларының бірі болып саналатын «Жызақ Петролиум» (Jizzakh Petroleum) компаниясының жұмысшылары айлығының екі есеге қысқаруына наразылық білдіріп жатыр.

Азаттықтың өзбек қызметі жариялаған видеода жүзден астам жұмысшы айлығының қысқарғаны бойынша компания басшылығынан түсіндіруін талап еткенін көруге болады.

«Жызақ Петролиум» компаниясының жұмысшылары бұл видео 9 сәуірде түсірілгенін жеткізді.

– Сол күні біз жиналып, басшылыққа хат жазып, жүзге жуық адам қол қойдық. Кешкісін бірде бір жұмысшы жұмысқа шықпады. Сол күні Ташкенттен келген өкілдерге айлығымыз екі есеге қысқарғанын, бұрын 4 миллион сум (380 доллар) алғандар қазір екі миллион сум алып қалғанын айттық. Ташкенттік басшылардың бірі айлық қалпына келеді деп уәде етті. Одан бері бір апта өтті. Бірақ ештеңе өзгермеді. Егер уәде орындалмаса, біз жұмысқа шықпаймыз», — деді жұмысшылардың бірі.

Компания жетекшілігі айлықтың қысқарғанын, мұнай өнімдері көлемінің азайғанымен түсіндіреді.

– Жыл басында компанияның иесі ауысқаны туралы Ташкенттен хат алдық. Осы хат негізінде біз барлық жұмысшылармен еңбек келісімін қайта түздік. Онда айлықтың азайтылғаны көрсетілген. Жұмысшылар келісіп, өздері қол қойды. Оған ешкім мәжбүрлемеді, — дейді компанияның кадрлар бөлімінің аты-жөнін айтқысы келмеген қызметкері.

«Жызақ Петролиум» (Jizzakh Petroleum) компаниясы «Өзбекмұнайгаз» акционерлік қоғамы мен Gas Project Development Central Asia компаниясының (Ресейдің «Газпром» компаниясының еншілес кәсіпорны) қатысуымен 2017 жылы құрылған. Алғаш Gas Project Development Central Asia компаниясының бұл кәсіпорындағы үлесі 40%, «Өзбекмұнайгаздыкі» 60% болған. Бірақ мұнай өңдеу зауытын құру бойынша жоспарлары іске аспай қалғандықтан, «Өзбекмұнайгаз» үлесін 30% дейін азайтқанын мәлімдеген.

Биыл жыл басында өзбек билігі Шавкат Мирзияевтің жарлығына сәйкес, өлкедегі бірнеше компания, оның ішінде «Жызақ Петролиум» компаниясы сатылымға қойылғаны хабарланған.

Өзбекстанның Компаниялар мен ұйымдардың біріңғай мемлекеттік реестріндегі ақпаратқа сәйкес, «Жызақ Петролиум» компаниясының акцияларының 68 проценті Кипрде тіркелген BELVOR HOLDINGS LIMITED атты оффшорлық компанияға тиесілі. 30 пайызына «Өзбекмұнайгаз», қалған 2 пайызына Gas Project Development Central Asia компаниясы иелік етеді.

Кейбір мәліметтерде BELVOR HOLDINGS LIMITED компаниясының артында Бахтияр Фазылов тұрғаны айтылып келеді. Ол Ресей мен Орталық Азия елдеріндегі Eriell және Enter Engineering секілді бірқатар компаниялардың негізін қалаушы және иесі.

Әндіжан, Карши және Мубарек қалаларындағы компанияларға иелік еткен «Жызақ Петролиумның» сайтындағы мәліметке сәйкес, компания 2020 жылы 498,7 мың тонна мұнай және 497,4 миллион куб метр табиғи газын өндірген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM