Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан мен Тәжікстан өзара жүріп-тұруды жеңілдетті

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстанға барған ресми сапары кезінде бірлескен 36 құжатқа қол қойды.

Олардың арасында өнеркәсіп және жаңа технологиялар бойынша әріптестік орнату, тәжік-өзбек инвестициялық компания құру, өзбек аймағы арқылы транзиттік жүк тасу туралы келісімдер, ауыл шаруашылығы саласында жол картасын құру және бірқатар меморандум бар.

Мирзияев Тәжікстанға бейсенбіде барды. Оны Душанбе әуежайынан мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның өзі күтіп алды.

Лидерлер екі өлкенің стратегиялық әріптестігін одан әрі дамыту мәселесін талқылады.

Рахмон екі өлкенің саяси, сауда-экономикалық, мәдени және қауіпсіздік саласындағы қызметте оң нәтиже байқалатынын жеткізді.

Ал өзбек президенті болса екі ел қарым-қатынасы аса жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.

«Тәжікстанмен шектесетін барлық аудан, қалалардың басшыларына көршілермен тығыз қарым-қатынас орнатуға тапсырма бергем. Осылай біз президенттер, үкіметтер, облыстар, қалалар және аудандар арасындағы әріптестікті қамтамасыз ете аламыз».

Мирзияев қол қойылған құжаттар 2022 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының көлемін 1 млрд долларға жеткізуге жол ашатынын айтты.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас Өзбекстанның бұрынғы президенті, марқұм Ислам Каримов тұсында салқындап кеткен. 2016 жылы билікке Мирзияев келгеннен кейін жақсара бастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM