Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан олигархтар қолында: Самарқандағы әуежайды Бахтиёр Фазылов алды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов биыл 3 сәуірде «Самарқанд» халықаралық әуежайын тендерсіз Air Marakanda шетел компаниясына басқаруға беру туралы қаулыға қол қойды.

Құжатта «Самарқанд» әуежайын берудегі басты мақсат — «әуежайларды басқаруға алдыңғы қатарлы халықаралық компаниларды тарту» деп көрсетілген. Алайда ашық деректерде 2020 жылдың сәуірінде тіркелген Air Marakanda компаниясының әуежай басқару тәжірибесі туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Үкімет қаулысының түпкі мақсатымен жақын таныс, Самарқанд әуежайында басшылық қызметте істейтін дереккөздің «Озодлик» радиосына хабарлауынша, Air Marakanda компаниясы олигарх Бахтиер Фазыловқа тиесілі.

«Озодлик» зерттеуі барысында мәлім болғандай, Фазыловтың Eriell және Enter Engineering компанилары ​Шоввозсойдағы демалыс аймағының құрылысын жүргізген. Құрылыс Шавкат Мирзияев билікке келген кезде басталған. Құпия резиденцияның құрылысына жүздеген миллион доллар жұмсалған.

Air Marakanda компаниясымен жасалған әріптестік келісімнің құпиясы белгісі болмаса да, құжат қоғамға таныстырылмады. Үкімет қаулысында «Самарқанд» әуежайын модернизацилау және пайдалануға беру жөніндегі жоба құны 80 миллион доллар екені, жекеменшік әріптес ретінде Аir Marakаnda компаниясы таңдалғаны көрсетілген.

Air Marakanda компаниясының ресми сайты, оның бұған дейінгі қызметі туралы мәліметтері жоқ.

Компанияның ресми тіркелуі жөніндегі құжатта Air Marakanda былтыр 9 сәуірде құрылғаны айтылған. Оның жарғылық капиталы 400 миллион сум (шамамен 40 мың доллар) деп көрсетілген. «Озодлик» радиосы танысып шыққан бұл құжатта Air Marakanda құрылтайшысы Кипрде тіркелген Drupola Holding Limited оффшор компаниясы екені көрсетілген​. 2011 жылы құрылған бұл компанияның қожайыны кім екенін көрсетілмеген.

«Озодликтің» өзара жақын байланысы жоқ екі дереккөзі Air Marakanda компаниясы самарқандық кәсіпкер Бахтиёр Фазыловқа тиесілі екенін хабарлады.

Шавкат Мирзияев билікке келгелі бері Бахтиёр Фазыловқа тиесілі компаниялар Өзбекстанның мұнайгаз саласындағы миллиардтар айналған жобаларды алып жүр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM