Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан президенті БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесіне қатысады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 22 ақпанда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-сессиясына қатысады. Осылай деп президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес отырысы Женевада видеоконференция форматында өтеді. Шавкат Мирзияев «елдегі демократиялық және адам құқықтары бағытында жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталады» делінген хабарламада.

Шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссар Мишель Бачелет, 150 елдің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады деп күтіледі.

Өзбекстан билігі жыл сайын елде адам құқықтары мәселесі жақсарып келе жатыр дегенімен халықаралық ұйымдар басқаша көзқарас білдіреді.

Мәселен Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының соңғы мәлімдемесінде Шавкат Мирзияев басқарған жылдары адам құқықтары біршама жақсарғанымен, авторитарлық жүйе сол күйі қалып отыр деп атап өткен.

Оң өзгерістерге қатысты билік бес саяси тұтқынды босатқан. Бірақ билік жергілікті «Чирок» және «Адам құқықтары үйі» құқық қорғау ұйымдарын тіркеуден бас тартып жатыр.

Өзбекстанда бюджет қызметкерлерін бұрынғыша мақта теруге мәжбүрлеп шығарады, тәуелсіз ақпарат құралдарының өкілдері әлі күнге дейін қуғындалады делінген халықаралық ұйым мәлімдемесінде.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM