Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Италия басшысы Серджо Маттарелланың шақыруымен 7−9 маусым аралығында осы елге ресми сапармен барады.
Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары деңгейлі кездесулер Римде өтеді. Шавкат Мирзияев Серджо Маттарелламен және премьер-министр Джордж Мелонимен келіссөздер жүргізбек.
Келіссөз барысында өзбек-италия арасында көп жақты қарым-қатынас пен өзара ықпалдастықтың маңызды бағыттары талқыланбақ.
Бұдан бөлек өзбек президентінің штаб пәтері Италия астанасында орналасқан Біріккен Ұлттар ұйымының сауда және ауыл шаруашылығы бас директоры Цюй Дунъюймен кездесуі жоспарланған.
Сонымен бірге Миланда да Өзбекстан президенті және Ломбардия провинциясының губернаторының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
KAZAKBOL.COM