Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан: судьялардың айлығы өскеннен кейін сот жүйесінде жемқорлық азайған


Өзбекстанда судьялардың айлығы жоғарылағаннан кейін, сот жүйесіндегі жемқорлық азайған. Осылай деп өлкенің Жоғарғы сот кеңесінің төраға орынбасары Алишер Жалилов баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, Өзбекстанда судьялар 16 миллион сумнан (1 500 доллар шамасында) жоғары айлық алады.

«Бірқатар жерде қызметтік және мемлекеттік құпия болғандықтан, айлық көрсеткіші ашық айтылмайды. Соттардың айлығы істейтін жері, атқаратын қызметіне байланысты 18-21 дәреже бойынша анықталады. Мысалы, 18 дәреже бойынша істеген судьялардың айлығы 16 миллон сумнан басталады. Атқаратын ісіне байланысты 17-18 миллион сум алатын судьялар да бар. Олардың айлығы өсіп, біздің әлеуметтік қорғауымыздың деңгейін көтеріп жатыр», — деді Жалилов.

Өзбекстанда судьялардың айлығы биыл жыл басында көтерілген. Бірақ бұл құпия мәлімет болғандықтан, нақты қанша айлық алып жатқаны айтылмайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM