Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандағы ауылдардың бірінде наразылықты басу үшін әскер кіргізілген (видео)


Өзбекстанның Самарқанд облысы Ургут ауданында тұрғындар қарсылығынан кейін елді мекенге әскер кіргізілген. Наразылықтың тұтануына Телеграмда «ауыл тұрғындарының намысына тиген видеоның» жариялануы түрткі болған.

Ашулы топ видео авторын өз бетінше «жазалауға тырысқан». Полицияның наразылықты басу үшін электрошокер, жас ағызатын газ, резеңке таяқ қолданғаны хабарланды.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері әлеуметтік желіде Ургут ауданында наразылық өтіп жатқаны туралы видео тараған. «Гус» ауылының бір топ тұрғыны видео жариялау арқылы «жергілікті тұрғындардың ар-намысына тиген» ер адамды жазалауды талап еткен.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тұрғындарды «қорлаған» ер адам ұсталған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның тұрғындардан кешірім сұрап тұрғаны көрінеді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, наразылықты басу үшін аудан орталығына құқық қорғау қызметкерлері, арнайы жасақ пен әскер кіргізілген. Оқиға кезінде ауылдың бірнеше тұрғыны жарақаттанған, ондаған жігіт ұсталған.

Куәгерлер Азаттықтың Өзбек қызметіне оқиға 22 шілдеде болғанын айтқан.

– 21 шілдеде Ургут ауданының орталығында тұратын жігіт «Гус» ауылының тұрғындарының намысына қатты тиген. Ол тіпті балағаттаған. Сол күні ауыл тұрғындары жігіттің аты-жөні мен мекенжайын анықтаған. Ертесінде яғни, 22 шілдеде наразылар жігіттің үйіне барған. Біреулер оған алдын ала ескертіп үлгерсе керек, ол жігіт үйінен қашып кеткен. Кейін ауыл тұрғындары биліктен оны жазалауды талап етті, – деді куәгерлердің бірі.

Ақпаратқа қарағанда, наразылыққа жүздеген адам қатысқан. Ашулы топты тарқату үшін полиция қосымша күш шақыруға мәжбүр болған. Оқиға орнында броньды техника жүргені байқалған.

Азаттықтың Өзбек қызметіне жіберілген видеолардың бірінде ауылда резеңке таяқ пен қалқан ұстаған ондаған сарбаздың жүргені көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, арнайы жасақ ашулы топтың наразылығын басу үшін кейбіріне электрошокер де қолданған. Жас ағызатын газ да шашқан. Соның салдарынан көп адам зардап шеккен.

Алайда ресми органдар ақпаратты растамады.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, «32 жастағы тұрғын мас күйде тұрғындардың намысына тиетін видео жазып, Телеграмға салған». Көбі оны жеке қабылдап, кешірім сұрауды талап етіп үйіне барған». Полицияның хабарлауынша, құқық қорғау органдары араласқаннан кейін «өздігімен жазалау талпынысын» тоқтата алған.

Кейін ер адам кешірім сұрап, видео жариялаған. «Ар-намысқа тию» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, осы оқиғадан кейін соңғы екі күнде ауылдың ондаған тұрғыны ұсталған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM