Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда қоғамдық орындарда әйелдерге хиджаб киюге рұқсат етілді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «Ар-ұждан және діни ұйымдардың еркіндігі туралы» заңға енгізілген өзгертулерге қол қойды.

Заңның жаңа редакциясында қоғамдық орындарда діни киім киіп жүруге арналған тыйым алынған. Себебі, заң актілерінде «діни киім» түсінігінің заңдық анықтамасы жоқ.

Құжатқа сәйкес, діни ұйымдарды тіркеу және олардың ісін тоқтату тәртібі жеңілдетілген. Мысалы, жергілікті діни ұйымдарды құру бойынша бастамашы топтың құрамы азайтылады. Енді діни ұйым құру үшін 18 жасқа толған 50 адамның қолы болса жеткілікті.

Бұдан бөлек діни ұйымның орталық басқару мекемесін және оқу орындарын ашу үшін 100 бастамашы болуы керек деген талап жойылды. Сонымен бірге діни жиын өткізу үшін жергілікті тұрғындардың рұқсатын алуы керек деген талап да алынып тасталды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM