Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда 19 мың адамды алдаған компания басшысы сотталды

KAZAKBOL.COM

Ташкенттің Чиланзар аудандық сотының шешімі бойынша «Avto 60 oy» компаниясының жетекшісі Жамшид Баходиров сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Алаяқтық» және «Жалған кәсіпкерлік» баптары бойынша айыпты деп танылды.

25 жастағы Баходиров пен компанияға байланысы бар тағы үш адам 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталса, біреуі «қоғамға қауіп туғызбайды» деп жазадан босатылды.

Сот шешіміне сәйкес, сотталушылар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуі тиіс.

«Avto 60 oy» компаниясы басшылығына қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу былтыр маусым айында аяқталып, сот отырысы тамызда басталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Жамшид Баходиров көлік сатып алғысы келген елдің әр аймағынан 19 мың адамнан 57 миллиард сумнан астам (5,4 миллион доллар) қаражат алған. Нәтижесінде олардың жүзге жуығына ғана көлік берілген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM