Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда 5 сынып оқушысына интимді жақындық ұсынған мұғалім 15 тәулікке ғана қамалған

KAZAKBOL.COM

30 маусымда Ферғана облысының Өзбекстан аудандық соты 12 жастағы оқушыға интимді жақындық ұсынған 42 жастағы музыка пәнінің мұғаліміне шешім шығарды.

Сот оны «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған. Мұғалім бір жылдан кейін мектептегі жұмысына қайтып орала алады.

Оқушының адвокаты айыпталушы Әкімшілік кодекс емес, Қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартылуы керек еді дейді.

– Судья бұл адамға қатысты Қылмыстық кодекстің кемінде үш бабын — «Қылмыс жасауға дайындалу», «Әйелді төсек қатынасына мәжбүрлеу» және «Жасы кәмелетке толмаған жеткіншекке азғындық әрекетін жасау» баптарын қолдануы керек еді. Судья егер осы үш бапты қолданып, айыпталушыны жазаласа, сот әділдігі болатын еді», ​– дейді адвокат.

Сот мәліметі бойынша, оқушы қызға музыка пәнінің мұғалімі интимді жақындық ұсынып, хат жазған. Ол бұл хатты әке-шешесіне көрсеткен. Әке-шешесі бірден құқық қорғау органдарына арызданған.

Енді Өзбекстан ауданының тұрғындары жазаланушы 15 тәуліктен кейін бостандыққа шығады деп балалары үшін қорқып отыр.

Елдің білім беру министрлігі бұл оқиғадан хабары жоқ екенін айтты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM