Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда 6 млн долларға тұрғызылған Тәуелсіздік монументі қайта салынып жатыр

KAZAKBOL.COM

Ташкент облысының Кибрай ауданында екі ай бұрын салынған Тәуелсіздік монументін бұзып, қайта тұрғызып жатыр. Озодлик радиосы дереккөзінің мәліметінше, монумент құрылысына бюджеттен 6 млн доллар жұмсалған.

Озодлик радиосына жіберілген суреттен монументті қайта бұзып жатқанын көруге болады.

Биіктігі 60 метр монументтің жобасын түріктің «Outdoor Factory – Acik Hava fabrikasi» компаниясының дизайнері Синан Тураман жасап шыққан.

Синан Тураман монументтің асығыс салынғанын мойындады. 63 күннің ішінде тұрғызылған. Ол қайта жөндеу жұмысына қосымша шығын кетпейді деп отыр.

Тәуелсіздік монументі орналасқан «Жаңа Өзбекстан» саябағын Егемендік күні қарсаңында президент Шавкат Мирзияевтің өзі ашқан.

Дереккөздің мәліметінше, аталған монумент Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ашылуы керек болған. Бірақ сол кездегі президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін жоба жүзеге аспай қалған.

Кейін жобаны Ташкент әкімі, президентке ең жақын адам Жахонгир Артыкходжаев жүзеге асырған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM