Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда ағайынды Миралиевтер кәсіпкер Гафур Рахимовтың 7 млн долларын ұрлады деп айыпталып жатыр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда кәсіпкер Гафур Рахимовтың 7 млн долларын ұрлады деп айыпталып жатқан ағайынды Ойбек және Эльдор Миралиевтерге қатысты сот отырысы аяқталуға жақын.

Мемлекеттік айыптаушы мәліметіне қарағанда, ағайынды Миралиевтер танымал кәсіпкер Гафур Рахимов пен оның отбасы мүшелерінің сеніміне кіріп, 7 млн АҚШ долларын, «Mercedes-Benz Maybaсh» көлігін заңсыз иеленіп алған.

Сонымен бірге тағы бір кәсіпкер Шерзод Аббасхаджаевтың сеніміне кіріп, 150 мың долларын қалтасына басқан.

Ойбек Миралиевтің адвокаты Ёкутхон Худоёровтың айтуынша, ағайынды Миралиевтерге қарсы қозғалған қылмыстық іс қолдан жасалған. Себебі олардың бизнесіне көз тіккендер бар дейді.

Ойбек және Эльдор Миралиевтердің Өзбекстанда бірнеше құс фабрикасы бар. Кейбір ақпараттар бойынша бұдан бөлек ағайынды Миралиевтер Латвиядан Өзбекстанға құнарлы мал азығын импорттаумен айналысқан.

2017 жылы өзбек президенті Шавкат Мирзияев ағайынды Миралиевтердің Ташкенттегі құс фабрикасына барып, жұмыс нәтижесіне жоғары баға берген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM