Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда экстремистік идеяны насихаттады деп күдікке ілінген 29 әйел ұсталды

KAZAKBOL.COM

10 қыркүйекте Ташкент қаласы мен Ташкент облысында «Хизб-ут-тахрир» діни экстремистік ұйымының идеяларын насихатты деп күдікке ілінген 29 әйел ұсталды. Бұл туралы Өзбекстан ішкі істер министрлігіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.

Ресми ақпаратқа қарағанда, күдіктілер «Хизб-ут-тахрир» діни экстремистік ұйымының «әйелдер қанатының қылмыстық әрекетін тоқтату мақсатында жүргізілген жедел шаралары» барысында ұсталған.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандар интернет пен түрлі мессенжер арқылы іздеуде жүрген «Хизб-ут-тахрир» мүшелерімен байланыс орнатқан. Солардың нұсқаулығымен халық арасында аталған ұйымды насихаттап, мүше болуға шақырған.

«Аталған әйелдер тұратын орында және олардың мобильді құрылғыларынан экстремистік мазмұндағы материалдар анықталды… Қазір олардың әрекетіне құқықтық баға беріп, жауапқа тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген министрлік хабарламасында.

Өзбекстанда кейінгі кезде экстремизммен байланысты күдікке ілінген адамдардың ұсталғаны жайлы ақпарат жиілеген. Маусым айында Сырдария облысы Мирзаабад және Янгиер ауданында «экстремистік материал таратты» деп күдікке ілінген 20 адам ұсталған. Оның алдында Самарқандта «Сириядағы террористік топқа қосылуды жоспарлаған» 14 адам анықталғаны хабарланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM