Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда «экстремистік материал таратты» деп күдікке ілінген 20 адам ұсталды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның Сырдария облысы Мирзаабад және Янгиер ауданында «экстремистік материал таратты» деп күдікке ілінген 20 адам ұсталды. Бұл туралы облыстың ішкі істер басқармасы Телеграмдағы парақшасында хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер 16 маусымда ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің біріккен операциясы кезінде ұсталған. Полицияның болжамынша, күдіктілер Телеграмда «экстремистік және террористік ұйымдарды насихаттайтын аудио және видеоматериалдар таратқан».

Өзбекстан ішкі істер министрлігінің хабарламасына тапанша және снайперлік винтовканың суреттері де тіркелген. Полиция топ мүшелерінің үйін тінткен кезде осындай қару-жарақ табылғанын айтады.

Бұған дейін 15 маусымда Жизақ облысының ішкі істер басқармасы Галлаарал ауданында Сириядағы «Қатиба Таухид уәл-Жихад» террористік тобына қосылмақ болған топтың ұсталғанын хабарлаған.

Маусым айының басында Самарқандта «Сириядағы террористік топқа қосылуды жоспарлаған» 14 адам ұсталғаны туралы ақпарат шықты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM