Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда мұғалімдер мәжбүрлі еңбекке тартылып жатыр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда мектеп мұғалімдерін өз саласына қатысы жоқ кез-келген жұмысқа тарту отандық білім беру жүйесін ақсатып келеді.

Осылай деп ташкенттік журналист әрі блогер Никита Макаренко Озодлик радиосына берген сұқбатында айтты.

«Біздің мұғалімдер кез-келген жұмыспен айналысады, қағаз тасиды, пол жуады, пәтерлер аралайды, бірақ тек балаға білім бермейді, себебі оларда басқа мүмкіндік жоқ», — дейді Макаренко.

Никита Макаренко бұл мәселені әлеуметтік желі арқылы көтергеннен кейін бұл проблемаға Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияева мен президент әкімшілігі араласқан.

Саида Мирзияева мұғалімдерге дәріс беруден басқа іске араластыру жол бермейтін жағдай екенін мәлімдеп, жергілікті өкілетті органдарға істі бақылауды тапсырған.

«Біз мұғалімдерге тегін жұмыс күші ретінде қарауды доғаруымыз керек», — деп жазды Мирзияева Facebook парақшасына.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Комил Алламжонов та Telegram каналы арқылы мұғалімдерді сабақтан тыс мәжбүрлі жұмысқа тартуды доғаруды талап етті.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM