Өзбекстанда Наманган облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық ізтестіру бөлімінің басшысы Үміт Раупов тергеу изоляторында отырған бір күдіктіні азаптағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Наманган қалалық соты үкімді 8 мамырда шығағран. Бірақ сот үкімі осы уақытқа дейін ресми түрде жарияланбаған.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2022 жылғы 13 қазанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Наманган облыстық басқармасының қызметкерлері дәрі тасумен айналысқан Ф. Ф. есімді азаматты ұстап, милицияның тергеу изоляторына қамаған. Іс арнайы қызмет қарауында екеніне қарамастан, облыстық милицияның бөлім басшысы Үміт Раупов күдікті отырған камераға кіріп, одан мәлімет алу мақсатында азаптаған.
Сот-медицина сараптамасы күдікті денесінде азаптау азаптау іздері қалғанын анықтады.
16 наурызда Үміт Рауповқа «қызмет бабын асыра пайдаланды», «кісі азаптады» деген айыптар тағылды.
Сотта Раупов кінәсін мойындады. Сот оны үш жылға еркіндігін шектеді. Бұған қоса, ол үш жыл көлемінде ішкі істер органдарында жұмыс істей алмайды.
KAZAKBOL.COM