Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда жақында шабуылға тап болған жаңа оппозициялық партия басшысын «бұзақылық жасады» деп айыптады (видео)

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда жақында құрылған «Хакикат ва Тараккиёт» («Ақиқат және даму») социал-демократиялық партия басшысы, профессор Хидирназар Аллакуловты «ұсақ бұзақылық жасады» деп айыптады.

31 наурызда Аллакуловқа үйінің алдында шабуылдаған адамдар сотқа жүгініп, профессордың өзін «бұзақылық жасады» деп айыптаған.

Хидирназар Аллакуловтың айтуынша, оның шабуылға ұшырағаны туралы милицияға арызы сол күйі жауапсыз қалған.

Аллакулов ісін Юнусабад аудандық әкімшілік соты қарап жатыр. Соттың алғашқы отырысы 21 сәуірде өтті. Соттың қалай өткені туралы мәлімет жоқ.

– Сол күні жиырма шақты адам үйдің алдында маған жабылды, мені балағаттады. Енді сол адамдар сотқа менің үстімнен арыз түсірген, – дейді Аллакулов.

Саясаткердің айтуынша, шабуылдаған белгісіз адамдар одан саясатпен араласуды доғаруын, Ташкент қаласында жалдаған кеңсені босатуды талап еткен.

– Сол адамдар мені айыпты етіп көрсетіп жатыр. Болған оқиғаны видеоға түсіріп алдық. Оны мен милицияға бердім, – деді Аллакулов.

Бірақ құқық қорғау органдары оның арызына жауап бермеген.

«Хакикат ва Тараккиёт» партиясының белсенділері күш құрылымдары тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеді. Өткен аптада «Озодлик» Наманган облысында жаңа партия үшін қол жинаған 24 жастағы студент Абдурахман Икрамовты көпшілік алдында масқаралағаны туралы жазды.

Өзбекстанда президент сайлауы биыл қазан айында өтеді. Оппозиция оған қатысуға дайын екенін мәлімдеген.

5 сәуірде тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы алғашқы тәуелсіз «Эрк» партиясы президент сайлауына өз үміткерін қосатынын хабарлады.

«Озодликтің» хабарлауынша, 2016 жылы Шавкат Мирзияевті президенттікке ұсынған Өзбекстанның либерал-демократилық партиясына бюджет қызметкерлері мен шенеуніктерді мәжбүрлі түрде кіргізіп жатыр.

Өзбекстан парламентіндегі бес партияның барлығы үкіметті жақтайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM