Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда жыл басынан бері 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді

KAZAKBOL.COM

2023 жылдың басынан бері Өзбекстанда және онымен шектесетін көрші елдердің аумағында 2,8 баллдан 6,8 баллға жеткен 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық болжам бойынша республикалық орталық мәлімдеді.

«Жер сілкінісінің тез-тез тіркелуі Өзбекстан үшін табиғи көрініс болып есептеледі. Себебі өлке географиялық жақтан Жерорта теңізі – Азия сейсмикалық белдеуінде орналасқан», — деп жазылған мәлімдемеде.

Соңғы он жылдың ішінде Өзбекстанда алты рет 6-8 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Одан 16 адам қаза болып, 54-і жарақат алған. Үкімет зілзала келтірген шығынды 7,4 миллион долларға бағалаған.

21 наурызда Ауғанстанда 6,6 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, көрші Өзбекстанда 4-6 балл болып сезілгені хабарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM