Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Кабулда «Талибан» басшыларымен кездесті

KAZAKBOL.COM

7 қазанда Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов бастаған делегация Кабул қаласында «Талибан» қозғалысының жетекшілерімен келіссөз өткізді.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Абдуләзіз Камилов Ауғанстанның уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Әмір Хан Моттакимен транзит, энергетика және сауда мәселелерін талқылады.

«Талибан» өкілдері Өзбекстан басшылығына Мазари-Шариф қаласындағы халықаралық әуежайды жөндеуге көмектескені, өзбек-ауған шекарасының үзіліссіз жұмыс істеп тұрғаны үшін алғыс айтқан.

Тараптар жақында Термез қаласында сауда-экономика сипатындағы мәселелерді, соның ішінде «Сұрқан — Пули-Хумри» электр желісі мен «Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» теміржол құрылысының жобасын бірлесіп талқылауға келісті, делінген СІМ хабарламасында.

Мәліметке қарағанда, тәліптер осы жобаларды жүзеге асыруға тартылатын өзбек мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын.

«Талиибан» басшылығы «Ауғанстаннан бауырлас Өзбекстанға ешқандай қауіп жоқ» деп мәлімдеген.

Еске салайық, 15 тамызда «Талибан» Кабул қаласын ұрыссыз басып алды. Бірнеше күннен соң тәліптер Ауғанстан ислам әмірлігі құрылатынын мәлімдеді.

Тәліптер үкіметті басып алған соң халықаралық қауымдастық Ауғанстанға көмек беруін тоқтатты. Мемлекет ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM