Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Құмтөр жанжалы: қырғыз үкіметі Центеррамен келіскенін мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров 15 ақпандағы баспасөз конференциясында Құмтөрге қатысты келіссөздер аяқталуға жақын екенін айтты.

«Біз ақпанның соңы — наурыздың ортасына таман мәселені бейбіт жолмен шешуге келістік, сол кезде ақпараттың бәрі жарияланады, оны парламентке де береміз.

Кәсіпорынға сырттай бақылау орнатқан уақытта есепте 48 мың доллар ғана болған. Олар кәсіпорын тізгінін Қырғызстан қайтарып алатынына 4-5 жыл дайындалған. Ақшаны шетелдегі есептерде ұстаған. Жыл аяғында Құмтөрден 329 млн табыс түсті, бюджетке аударылған таза табыс — 220 млн доллар», — деді Жапаров.

Үкімет басшысы алтын қайда сатылғаны туралы мәлімет берді.

«Бұған дейін 410 тонна алтын шетелге сатылған, енді мүмкіндігінше елде қалдыруға тырысып жатырмыз. Әрбір отбасыда қырғыз алтыны болғанын қалаймыз»,

Құмтөрде былтыр 14 мың 561 кг алтын өндірілген.

Құмтөр – Қырғызстандағы ең ірі алтын кені, мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндіріледі. Оны осы уақытқа дейін канадалық Centerra Gold Inc. компаниясы «Құмтөр Голд Компания» арқылы өндіріп игеріп келді. Қырғызстанның бұл компаниядағы үлесі 26% болды.

2021 жылы Қырғызстан үкіметі Құмтөр кеніне сырттай басқару енгізді. Бұған келіспеген Centerra Gold Inc халықаралық сотқа жүгінді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM