Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі ұзартылды

KAZAKBOL.COM

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

19 ақпанда бас прокуратура Қылмыстық кодекстің «Биліктегі әрекетсіздік» бабы бойынша бұрынғы министр Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық іс қозғап, 20 қаңтарда екі ай мерзімге қамауға алған еді.

Мұрат Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.

2022 жылы 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны»қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады» деп кінәлап, қызметінен босатқан.

Қазақстан президенті «Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсізәрі қабілетсіз басшылық салдарынан жүктелген міндеттерді тиісті деңгейдеатқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сынсағатта әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүрболдық» деген еді.

Наразылық күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ҚазақстанғаҰжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері келген. Қазақстан билігі «бұлкүш стратегиялық нысандарды күзетеді» деп мәлімдеген.

2022 жылдың басында газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы талаппен ереуілге шыққан Жаңаөзен тұрғындарын қолдау үшін Қазақстанның көптегенаймағында басталған акциялар біртіндеп саяси талап қойған наразылыққаұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 227 адам осы оқиғада қаза болған.

Қаңтардың 6-сына, наразылық күшейген тұста Қазақстан ұлттық қауіпсіздіккомитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті «мемлекетке опасыздық жасады» дегенайыппен қамаған. Бір аптадан соң оған «билікті күшпен басып алмақ болды» деген тағы бір айып қосқан. Кәрім Мәсімовтен кейін оның үш орынбасары да қамалған болатын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM