Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҚАҢТАРДАҒЫ АПАТТАР

KAZAKBOL.COM

Австралиядағы өрт, Қытайдағы коронавирус, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстар, Украинадағы ұшақ апаты, табиғат ананың мінез танытқаны тағы бар. Тышқан жылы басталарда одан біраз жақсы жаңалық күткеніміз рас, бірақ амал нешік, оның алғашқы 30 күнінде-ақ «әттегенай» деген тұстары бәленбай болып шықты. Жоғарыдағы мысалдар соның бір парасы ғана. Ал әрі қарай не болады? Мәселе қашан шешіледі? Қазір көптің көкейінде жүрген сұрақтар осы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жыл басы. Қаңтардың бірінші күні. Достарымыз бен жақындарымыздың жіберген жаңа жылдық құттықтауларымен қатар, Аустралиядағы өрттің видеолары да келіп жатты. Өкінішті, бірақ 2020 жылдың шымылдығын тілсіз жау ашты. Бір миллиард 250 млн жануар тірідей жанып, қызыл жалыннан 34 адам ажал құшты. Былтыр күзде басталып, биыл ушығып кеткен Аустралиядағы өрт әлі де тоқтамаған.

Бір-бірімен бұрыннан дүрдараз АҚШ пен Иран арасындағы текетірес те жыл басында тіпті ушығып еді. Таяу шығыстағы қақтығысқа алаңдаған сарапшылыр да, үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетпесе игі деп болжамдарын жасаған-ды. Алайда қос тарап, бітімге келмесе де, шабуылдарын тоқтатқан.

Араға бір-екі күн салып, онсыз да есеңгіреп қалған әлем жұртының шашы тағы тік тұрды. Тегераннан Киевке бағыт алған Боинг — 737 лайнері апатқа ұшырып, кеме бортында болған 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі көз жұмды. Тірі қалған ешкім болмады.

Жығылғанға жұдырық дейміз бе білмеймін. Бірақ қыбырлаған-жыбырлағанның барлығын жей беретін қытайлықтар жаһанға сонысымен үлкен қауіп төндірді биыл. Әлемге коронавирус тарады. Бүгінгі күннің өзінде инфекцияны 29 мыңға жуық адам жұқтырып, қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 500-ден асты. Ал вирус әлемнің 20 еліне тарап үлгеріпті.

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ
«2020 жылдың саны 4 саны. Ол медицина мен шыдамдылыққа байланысты сан. Алайда қытайлықтар төрт санынан өте қорқады екен. +0108- Олар өліммен теңестіреді екен. Өйткені олардың тілдерінде 4 өлім саны. Сондай жағдайлар болып жатыр. Коронавирус та»

Шүкір, бірақ бұл бәлекет біздің елде тіркелмеді. Алайда көршілес мемлекет болған соң, қаласаң да, қаламасаң да, еріксіз қорқасың, күні-түні соны ойлаумен боласың.

«Мен жаңа келе жатқанда соны ойлап жаттым»

КСМ: Бақсы-балгер, сәуегей тәуіптерден гөрі, тәуірі нумеролог қой деп, көкейдегі сұрақты соған қойдық. Сандар алдайматын шығар деп. Сонымен вирус қашан тоқтайды?

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ
«Сәуір айынан әрі қарай бұл вирустың емі шығып тоқтайды. Өйткені әрі қарай өсу байқалады»

Айтпақшы, біздің ел үшін жыл жаман басталды деп айта алмаймын. Бірақ табиғат ана мінезін біраз танытты енді. Адамның бойымен бірдей жауған ақ ұлпа халықты әбіргерге салып, ауыл тұрмақ елордадағы жұрттың мазасын қашырды. Алайда жаман айтпай, жақсы жоқ.

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ
«Халықтың экономикалық жағдайы көтеріледі. Өйткені қар қалың жауды. Демек күзде жеміс-жидек жақсы жемісін береді»

Мұндайды естіп, «әумин» демесең тағы болмайтын сияқты. Оған қоса, сүйінші жаңалықтар мұнымен бітпесе. Нумеролог жағымсыз жаңалықтардың барлығы қаңтар айында қалып, алда тек жарқын күндер ғана күтіп тұрғанын жеткізді. Сендік. Ал бұл бір сенімнің өзі көп нәрсені өзгертуге қауқары жетеді емес пе?

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM