Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қадыровтың 23 жастағы туысы Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болып тағайындалды

KAZAKBOL.COM

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың 23 жастағы немере інісі Хамзат Кадыров республика Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Курчалоевск ауданын басқарған.

Бұл туралы Рамзан Қадыровтың тағы бір туысы Турпал-Әли Ибрагимов инстаграмдағы парақшасында хабарлаған. Жаңа тағайындау туралы мәліметті Кавказ.Реалии сайты таратқан соң, Турпал-Әли Ибрагимов құттықтау жазбасын өшіріп тастады.

Шешенстан басшысының және үкіметінің баспасөз қызметтері бұл мәліметті жоққа шығармады.

23 жастағы Хамзат Қадыров Шешенстан мемлекеттік университетін, Хафиздер мектебін бітірген. 2018 жылы маусым айында ол Курчалоевск ауданына басшы болып барды.

Рамзан Қадыровтың туыстары республиканың билік құрылымдарындағы маңызды қызметтерде отыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM