Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қамаудағы дәрігердің туыстары Жоғарғы сот алдында «әділетсіздікке қарсы» екі кептер ұшырды

KAZAKBOL.COM

21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы сот ғимараты алдында қамаудағы дәрігер Әлия Сармасаеваның екі қызы анасын босатуды талап етіп, «әділдік пен бостандықтың» символы ретінде екі кептер ұшырды.

«Анамыз нақақтан-нақақ жала құрбаны болып отыр» деген Айжан және Салтанат Сармасаевалар Жоғарғы соттан істі назарға алуды сұрады.

Ақпаратқа қарағанда, Алматыда күштік құрылым өкілдерін емдейтін арнайы аурухананың бас дәрігері Әлия Сармасаева «пара алды» деген күдікпен 2 желтоқсанда екі айға қамауға алынған. Адвокаты мен туыстары Әлия Сармасаеваға жалаң айып тағылып отыр деп есептейді.

Бұған дейін оның тергеу органдарына уақытында барып, жауап беріп жүргенін айтқан туыстары Әлия Сармасаеваға бұлтартпас жазасын да негізсіз қолданғанын айтады.

«Тергеу изоляторына оны заңсыз қамады деп санаймыз, себебі сотта көп заңбұзушылық болды. Қазір оны ол жақтан босатуға күш саламыз. 36 жылдық тәжірибесі бар анамыздың әлеуметтік статусы жоғары. Ол дәрігер, ғылыми қызметкер. Оны жемқорлыққа айыптау мүлде ақылға қонбайды» деді Жоғарғы сот алдында акция өткізген қыздарының бірі Азаттық тілшісіне.

Ақпарат құралдарына таратылған хабарламаға сәйкес, «күштік құрылым өкілдеріне еңбекке жарамсыздық парағын сатты деп күдікке ілінген» аурухана қызметкерлерінің бірі бас дәрігері Әлия Сармасаеваны «жемқорлыққа» айыптаған. Артынша Сармасаеваның ісі жеке өндіріске алынып, оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолға алған. Ал қызметкердің ісін полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Қорғау тарабы «терапевтің ісі (аурухана қызметкері) сотқа да жетпеуі мүмкін, өйткені сотқа жетсе, күштік құрылым өкілдерінен құралған 173 пара берушіні де жазалауға тура келеді» деп қауіптенеді.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа жіберген өтінішінде олар істі назарға алып, Әлия Сармасаеваны қамаудан босатуды сұраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірге оқиғаға реакция білдірмеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM