Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қамбар ата ГЭС-нің бірінші гидроагрегаты 8 жылдан кейін қолданысқа берілуі мүмкін

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Тоқтағұл ауданындағы Қамбар ата ГЭС-1 құрылысы барысымен танысты.

Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Гидро электр станцияның бірінші гидроагрегатын 8 жылдан кейін қолданысқа беру жоспарланған.

Биыл наурыз айында үкімет басшысы 3-5 жыл ішінде Қамбар ата ГЭС-1 қолданысқа беріледі деген. Бұл жобаға мемлекет бюджетінен 20 млн доллар бөлінген.

Былтыр наурыз айында Қырғызстан мен Өзбекстан аталған ГЭС жобасын бірлесіп салу жөнінде шешім қабылдаған. Кейін Қазақстан тарабы да қосылуға қызығушылық білдірген.

Қамбарата ГЭС-ін 2012 жылы Ресей салып беру керек болған. Бірақ құрылыс басталып, тоқтап қалған соң, қырғыз тарабы 2016 жылы келісімді бұзуға мәжбүр болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM