Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағанды облысында есеуілге шыққан кеншілер басшыларына 3 тамызға дейін уақыт берді

KAZAKBOL.COM

Қарағанды облысы Шет ауданындағы «Ақжал» кенішінде «Нова цинк» компаниясының ереуілге шыққан жұмысшылары басшыларына бірқатар талап қойды.

Олар бұл талаптарының 3 тамызға дейін орындалуын қалайды. Кері жағдайда, бейбіт митиңге арыз жазамыз деп отыр. Ал компания әзірге болып жатқан жағдайға түсінік бермеді.

Жұмысшылар 20 шілдеде жалақыны 50 пайызға өсіруді талап етіп, ереуілге шыққан.

Шахтерлар өз еңбегінің дұрыс бағаланбайтынын, төмен жалақы алатынын, бұған қоса, еңбек жағдайының өте нашар екенін алға тартты.

«Жалақыны көптен бері өсірген жоқ. Бұл жөнінде көптен бері айтылып жүр. Былтыр да айтылған. Бұған дейін ереуіл жекелеген цехтарда болған. Нәтижесі жоқ. Жарты жыл бойы бізге жақсы жалақы мен еңбек жағдайын уәде етті. Қазір барлық жұмысшы ереуілдеп жатыр. Жалақыны 50 пайызға өсірсін деп отырмыз. Еңбек жағдайы өте нашар» деп басылым шахтерлардың сөзінен үзінді келтіреді.

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, артынша кәсіпорын өкілдері жұмысшылармен келіссөз жүргізген.

«Ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді, қалған мәселелер 3 тамызға дейін шешіледі. Қазіргі кезде кәсіпорын жұмысшылары жұмыс орындарына кетті, өз міндеттеріне кірісті» деген әкімдік өкілдері.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM