Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қарағандыдағы митинг: Билік екінші рет ескерту бергеннен кейін шараны мақұлдады

KAZAKBOL.COM

Қарағандыда жергілікті билік бұрынғы ботаника саябақты жеке меншіктен мемлекетке қайтаруды талап етпек болған белсенділердің митингісін мақұлдады. Бұл мәселе қалада ұзақ жылдардан бері көтеріліп келеді.

Митинг өткізу туралы хабарламаны әкімдікке журналист, Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Ботагөз Омарова тапсырған. Бастапқыда әкімдік ботаника саябағына қарсы аумақ митинг өткізетін жер емес деп бірінші хабарламаны кері қайтарған. Журналист митинг өткізетін арнайы орынды белгілеп, қайта ескерту берген кезде атқарушы билік өтінішті мақұлдаған.

Өтініште шараға 200-ге дейін адам қатысады деп жазылған. Ол 11 маусымда Қарағанды орталығындағы Абай ескерткіші алдында сағат 12 мен 15 аралығында өтеді. Журналистің айтуынша, қатысушылар 20 жылдан астам уақыт жеке меншік иелігінде болған ботаника саябағын мемлекетке қайтаруды талап етеді. Ақпаратқа қарағанда, жеке компаниялар әуелі саябаққа биік қоршаулар орнатып, тұрғындардың кіруіне бөгет жасаған. Кейін тұрғын үй және бизнес нысандарын сала бастаған.

Бірнеше жыл бұрын да қоғам белсенділері президент әкімшілігіне (ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев президент болған) қайырылып, ботаника саябағын қайтаруды сұраған. Бірақ ол кезде мәселе шешілмеген. Саябақ аумағында құрылыс жалғасып, ағаштар кесіле берген.

—Қоғамдық кеңес мүшесі болмай тұрып та, осы мәселені қозғағанмын. Бұған дейін бұл мәселені қаланың өзге белсенділері де көтерген. Бірақ ешқандай реакция болмады. Мүмкін, митинг көмектесіп қалар. Саябақ халыққа қайтарылуы тиіс. Әзірге саябақтың барлық аумағында құрылыс жүріп жатқан жоқ, сақтап қалуға болатын жерлер көп. Ботаника саябағы мәселесін үкімет деңгейінде қозғау керек. Қазір барлығы азаматтық позициямызға байланысты. Елде жағдай өзгереді деген үміттен қол үзген жоқпын. Жағдай жақсарады және осындай кішігірім қадамдардан басталады. Менің осыған сенгім келеді, – деді Ботагөз Омарова Азаттық тілшісіне. Ол полиция мен прокуратурадан митингіге келгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайтынын жеткізді.

1996 жылы қарағандылық шенеуніктер ботаника саябағын мемлекеттік деңгейде қорғалатын аймақтар санатынан шығарып, жеке меншікке сатқан. Оны бірнеше заңды тұлға сатып алған. 1940 жылы ашылған, ондаған жылдар бойы өсімдіктің мыңнан астам түрі өсірілген саябақты қала халқына қайтару мәселесін белсенділер жылдар бойы көтеріп келеді.

Шамамен 500 мың халқы бар Қарағанды қаласында митингілер сирек өтеді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жергілікті билік түрлі желеумен тіпті жалғыз адамдық пикетті өткізбеуге тырысады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM