Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қашқадариядағы бір мектептің басшылығы балаларға деп бөлінген көмірді сатқан

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанда Қашқадария облысының Қасан ауданындағы №6 мектептің мұғалімдері 3 мамырға қараған түні мектептен көмір ұрлағысы келген бірнеше адамды ұстап алған.

Мұғалімдердің айтуынша, қыста мектепте көмір жағылмаған, енді басшылық үнемделген көмірді құпия түрде сатпақ болған.

Ұстаздар оқиға орнына инстекторды шақырған, бірақ ол белгісіз адамдарға көмірді алып кетуге рұқсат берген.

– Сол күні түнгі сағат 11 шамасында мектеп жанынан өтіп бара жатып, аула алдында ЗИЛ автокөлігі тұрғанын байқадым. Аулаға кіріп, көлікті видеоға түсіре бастадым. Оған көмір тиеп жатыр екен. Күзетші менің телефонымды тартып алғысы келді. Мен күзетшіден: «Сендер көмір ұрлап жатсыңдар ма?», — деп сұрадым. Ол: «Көмірдің қалдықтары ғой», — деп алдағысы келді. Содан кейін мен кетіп қалдым. Көмір қалдықтарын ешкімнен тығылмай күндіз шығарар еді ғой, – дейді №6 мектептің бір мұғалімі.

Мектеп күзетшісі Рустам Бафоевтың хабарлауынша, мектептен көмір қалдықтарын шығаруға директор Феруза Фармонова тапсырма берген.

– Көлікті директор шақыртқан екен. Олар келіп, көмір қалдықтарын алып кетті. Ол көліктің кімдікі екені маған беймәлім. Мен күзетші болып істеймін, мектептің ішкі ісіне араласпаймын, деп ақталды күзетші.

Өзбекстанда қыста табиғи газ бен электр қуатынының тапшылығынан мектептердің дені көмір жағады. Биыл Өзбекстанда балалар мектеп сыныптарында жаурағаны жиі хабарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM